Қазақстан құрамасы бокстан Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында тағы бір медаль жеңіп алды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұл жолы 54 келіге дейінгі салмақта елордалық Досжан Жұмақан финалда жеңіске жетті. Жерлесіміз алтын медаль үшін өткен жекпе-жекте ирандық Матин Чамипадан басым түсті.
Осылайша ұлттық құрама қоржынына екінші алтын медальді салды. Бұған дейін Жұмағали Нұрмахан (50 келіге дейін) алтыннан алқа таққан еді.