Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматылық «Қайрат» Қазақстанның бес дүркін чемпионы атанып, медаль саны бойынша рекорд орнатты

Алматылық «Қайрат» Қазақстанның бес дүркін чемпионы атанып, медаль саны бойынша рекорд орнатты
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының Орталық стадионында өткен Қазақстан чемпионатының соңғы турында «Қайрат» футбол клубы өздерінің басты қарсыласы – «Астана» командасын қабылдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алаң иелеріне чемпиондық атақты ресми түрде растау үшін тең есеп те жеткілікті болатын. Кездесу солай аяқталды. Қонақтар сапынан Томасов бірінші таймда есеп ашса, үзілістен кейін сәтті шабуыл ұйымдастырған Сәтбаев таразы басын теңестірді. Нәтиже – 1:1.
 Бұл нәтижемен «Қайрат» қатарынан екінші рет чемпион атанып, клуб тарихындағы бесінші алтын жүлдесін жеңіп алды. Сонымен қатар, команда Қазақстан Премьер-лигасы тарихындағы рекордтық 16-шы медаль жиынтығын иеленді. Бұдан бөлек, «Қайрат» келесі маусымда УЕФА Чемпиондар лигасына ел намысын қорғауға мүмкіндік алды. Көрермендер арасында қазақстандық футболдың ардагерлері мен Алматы әкімі Дархан Сатыбалды да болды. Үзіліс кезінде қала басшысы 2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша «Қайрат» академиясының тәрбиеленушілерін марапаттады. Клуб тарихында алғаш рет Академияның барлық жас командасы өз лигаларында чемпион атанды, - делінген хабарда.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады