Дс, 05 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан өңірі жайлы қос жинақтың тұсауы кесілді


Түркістан облысында қос бірдей тарихи кітаптың тұсауы кесілді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында кітап авторлары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ оқытушысы Мұхтар Қожа мен «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсенің бас менеджері Қазыбек Тәжиев өз туындылары туралы тарқатып айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Жинақтардың  бірі - «Тамыры терең Түркістан» кітабы 4 тілде (қазақ, орыс, ағылшын, түрік) жарық көрген.  Екіншісі - «Түркістан облысындағы киелі жерлер географиясы» атымен шыққан төрт томдық туынды. Аталған кітаптар ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында басылып отыр.

«Жинақтарды шығарудағы мақсат - ата-бабаларымыздың жатқан жерлерін, ескерусіз қалған есімдерді таныту. Сондай-ақ тарихи тұлғалар мен қасиетті жерлерге қатысты аңыз-әңгімелерді, ел арасындағы ауызша тарихты түгендеу», - дейді Қазыбек Тәжиев.

«Түркістан облысындағы киелі жерлер географиясының» алғашқы томында Түркістан мен Созақ аудандарында орналасқан нысандар жайлы мәліметтер енгізілген. Ал , «Тамыры терең Түркістан» атты ғылыми-танымдық альбомда рухани-мәдени, экономикалық, өнеркәсіптік, көлік-логистикалық, ішкі-сыртқы туризмдік, демографиялық әлеуеті суреттелген. Сондай-ақ, туындыда Түркістан өңірінің бүгінгі келбеті мен даму бағдары қамтылған.



Сурет: inform.kz
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді