Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қанат Бозымбаев өңірлердің қысқы маусымға дайындығын және көктемгі су тасқыны қаупі жоғары кезеңге қатысты қабылданып жатқан шараларды тексерді

Қанат Бозымбаев өңірлердің қысқы маусымға дайындығын және көктемгі су тасқыны қаупі жоғары кезеңге қатысты қабылданып жатқан шараларды тексерді
Фото: primeminister.kz

Экология және табиғи ресурстар, Су ресурстары және ирригация, Жасанды интеллект және цифрлық даму, Төтенше жағдайлар, Көлік министрліктері мен Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тіьлшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ел бойынша су басу қаупі бар 1242 елді мекен анықталды. Инженерлік жұмыстар жоспары 800-ден астам іс-шараны қамтиды, соның ішінде 557-сі орындалды, қалғаны жүргізілу сатысында. Өңірлерде 666 шақырымға жуық қорғаныс бөгеттері мен біліктері салынып, жөнделіп, нығайтылды. 356 шақырым дренаж жүйесі жөнделіп, жаңадан салынды, 220 шақырым арна мен арық ретке келтірілді. Қауіпті аймақтарда 400 шақырымнан астам өзен жағалауларын бекіту, арналарды тереңдету және түзеу жұмыстары атқарылды.

Қолданыстағы 31 маусымдық гидробекетке қосымша, су тасқыны қаупі жоғары учаскелерде тағы 32 деңгей өлшейтін бекет орнатылады. Қаңтар-наурыз айларында қар жамылғысындағы ылғал қорын анықтау үшін қар өлшеу жұмыстары жүргізіледі. Өзен алаптары бойынша, соның ішінде трансшекаралық өзендерде гидрологиялық болжамдар жасалды. Негізгі өзендерде батиметриялық зерттеу және топографиялық түсірілімдер жүргізілуде. Tasqyn ақпараттық жүйесінің интерфейсі жаңартылып, дерекқоры толықтырылуда.

Барлық су қоймалары бекітілген жұмыс тәртібі бойынша пайдаланылуда. Елді мекендерге жақын орналасқан өзендердің 800 шақырымнан астам учаскесінде арналарды тазарту және ретке келтіру жұмыстары жоспарланған. Республикалық маңызы бар автожолдарда күрделі және орташа жөндеу аясында 227 су өткізу нысаны орнатылды, жыл басынан бері 200-ден астам су өткізгіш құбыр салынды, тағы 169-ының құрылысы жалғасуда. Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында 5 көпірге күрделі жөндеу жүргізілді.

Алдын ала болжам бойынша, алдағы қыс қалыпты жылы болады деп күтілуде, жауын-шашын мөлшері ел аумағының басым бөлігінде климаттық нормадан аспайды. Алайда «температуралық ауытқулар» нәтижесінде қар қабатында мұзды қыртыс түзілуі мүмкін, бұл өз кезегінде су тасқыны жағдайын қиындатуы мүмкін.

Қанат Бозымбаев барлық дайындық жұмыстарын қыс түскенге дейін толық аяқтауды тапсырды. Әкімдерге – жағдайды жеке бақылауда ұстауды, Төтенше жағдайлар министрлігіне – су тасқыны қаупі жоғары өңірлерге барып, жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын тексеруді жүктеді. 

Су ресурстары және ирригация министрлігіне су қоймаларын тұрақты бақылауда ұстап, тасқын суларды қабылдауға жеткілікті бос көлемнің болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ көршілес елдермен трансшекаралық өзендердегі су ағымдары бойынша деректер алмасуды жүйелі түрде жүргізуді тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті