Алматыда 18 жастағы қыз тұрғын үй кешендерінің бірінің тоғызыншы қабатынан құлап, аман қалды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.
"Жетісу аудандық полиция басқармасы өзін-өзі өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Науқасты жедел медициналық жәрдем бригадасы Жедел шұғыл көмек көрсету қалалық ауруханасына жеткізді.
Алматы қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, ауруханаға түскеннен кейін оған шұғыл хирургиялық көмек көрсетілді.
"Қазір науқас анестезиология, реанимация және интенсивті терапия бөлімінде, онда реанимациялық және қарсы шоктық шаралардың толық кешені жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомство.
Науқастың жағдайы әлі де аса ауыр деп бағаланып отыр.