Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Гүлжан Серікқызы: Түсінген адамға бағдарламаның берер нәтижесі өте мол

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген жоба іске асып жатыр. Десек те, сол жобалардың халыққа жетуі, насихатталуы қашанда маңызды. Атқарылған жұмыстың мәні мен маңызы, тиімді тұстары көпшілікназарына ұсынылып, қажетті ақпарат берілсе, еңбектің нәтижелі болуына оң әсеретері анық. Осы ретте «Turkistan Media Holding» ЖШС, «Рухани жаңғыру» бөлімінің, «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасының әкімшісі Гүлжан Серікқызын сөзге тартып, бағдарламаның жүзеге асуына қатысты аз-кем сұхбатқұрған едік.



- Сіз үшін «рухани жаңғыру» дегеніміз не? Рухани жаңғыруды қалай түсінесіз?


- Мен үшін рухани жаңғыру деген – еліміздің азаматтарының дүниетанымы мен көзқарасын өзгертетін күш. Яғни, қазақтың ұлттылығын сақтай отырып, заманға сай жаңғырту. Рухани жаңғыру деген, тек кітап оқып кемелдену ғана емес, ол адамгершілік ұғымын насихаттау, қайырымдылық мәдениетін таныту, ескірген дәстүрді қайта жаңғыртып, мәдениетті насихаттау.



- Қазақ халқы көшпелі халық болғандықтан, санамызды рухани жаңғыртуға дайынбыз ба? 


- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы негізінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жүзеге асты. Әр қазақтың бойынан бағдарламада айтылған дүниелер табылады. Тек, соны дұрыс насихаттап, дұрыс жұмыс жүргізсе, халық тез ұғынып, кемелденіп, жаңғырады деп ойлаймын. Рухани жаңғырудың ауқымы өте кең. Бір ғана бағдарламада 17 жоба қамтылған. Білім саласынан бастап, туризм, мәдениет, ішкі саясат, сыртқы саясат, кәсіпкерлік, т.б. саланың барлығы осы бағдарламадан табылады. Түсінген адамға бағдарламаның берер нәтижесі өте мол.



- Осыған байланысты қандай жұмыстар жүргізілуде? 


- Бүгінде бағдарламаның негізі бойынша өңір-өңірде рухани жаңғыру кеңселері ашылған. Мақсаты – бағдарламаны халыққа дұрыс жеткізіп, насихаттау. Соның негізінде, Қазақстанның әрбір аймағында түрлі іс-шаралар өткізіліп, бірқатар жұмыстар жүргізілуде.



- Гүлжан ханым, өзіңіз бастама болған жобалар  жөнінде айта кетсек. Олардың халыққа тигізген пайдасы қандай? 


- Қазіргі таңда, жүзеге асқан авторлық 4 жобам бар. Олар: «Абай оқулары», «Ой түбінде жатқан сөз», «Туған жер» және «Ой салған кітап» жобалары. «Абай оқулары жобасы» байқау ретінде ұйымдастырылып, екі кезеңнен қамтылды. Жобаның негізгі мақсаты – Абай мұрасын кеңінен насихаттау, дарынды жас көркемсөз оқушыларды анықтау, халықтың әдебиетке сөз өнеріне, ұлттық руханиятқа деген ықыласын арттыру. Байқауға 16-40 жас аралығындағы үміткерлер қатысып, бақ сынады. Бірінші кезеңде Абайдың өлеңдерін оқыса, екінші кезеңде қара сөзін оқыды. Облыс көлемінде 60-қа жуық адам қатысты. Байқауға қызығушылық танытқандар өте көп болды.



- Айтар сөзі мен жеткізер ойы мол тағы қандай жобаларыңыз бар? 


- «Ой түбінде жатқан сөз» жобасы. Мақсаты – «Ой түбінде жатқан сөз, шер толқытсам шығады» деп Асан Қайғы айтпақшы, әр адамның көкейінде жүрген келелі ойды шығарып, сол арқылы көпшілікке ой салу. Әр салада қызмет етіп жүрген жандарды халыққа жақыннан таныстыру, еңбектерін көпшілікке таныту. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы 17 арнайы жобаны қамтып, көпшілік қауымға бағдарлама мақсатын, сипаттамасын дұрыс жеткізу. Бұл жобада артық сөз жоқ. Жобаға қатысқан қонақтар мен 17 арнайы жоба аясында сыр сұхбат құру. Осы уақытқа дейін жобада «Туған жер», «100 жаңа есім», «Ұлы даланың ежелгі өнері мен технологиялар музейі», «Дәстүр мен ғұрып», «Түркі әлемінің генезисі», «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» арнайы жобалары қамтылып, спикер ретінде Түркістан облысының еріктісі Нұрболат Әлімханұлы, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Рүстем Ерікбаев пен Айжан Жүзбай, Сырым Ертаев, Ақжүрек Таңатаров сынды тұлғалармен сыр шерттік.



- Бағдарламаны халыққа дұрыс жеткізіп, насихаттау туралы айтып қалдыңыз. Сіздің ойыңызша, түсіндіру жұмыстары қалай жүргізілу қажет? 


- Мысалы, менің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске асқан «Туған жер» атты жобам бар. Бұл жобаға ролик түсірілді. Ол видео-роликте Рухани жаңғыру кеңсесі қайырымдылық танытып, одан бөлек облыс көлемінде үлкен нысандар салған жомарт жандар туралы статистика қамтылды. Яғни, туған жеріміздің жанашырларын статистикаға қостық. Осылайша, халық арасында қайырымдылық мәдениетін «Туған жер» арнайы жобасын насихаттау жұмыстары жүргізілді. Қалаға қарағанда, ауылдық  жерлерде мұндай қайырымдылық танытқан жандар өте көп. Неге осыны насихаттамасқа?! Бұрын қазақта асар деген дәстүр болатын. Асарлатып үй салып беріп, алаңшаларды халыққа пайдалануға берсек, бұл соның заманға сай үлгісі болар еді.



- Әрбір жасалған істен нәтиже күтеміз. Осы орайда, өз жетекшілігіңізбен жасалған қандай жобаны атап өтер едіңіз? 


- «Ой салған кітап» жобасы. Бұл жобаның негізгі мақсаты – көпшілік қауымның, оның ішінде жастардың кітап оқуға деген құлшынысын арттыру, кітап оқушылардың саның көбейту, әр адамның оқыған кітабінан өзінің түйіндеген ойын көпшілікпен бөлісіп, ортаға салу. Жоба әр аптаның бейсенбі күні әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде өтеді. Жобаның спикері де өзім. Жалпы, мен өзім кітап оқығанды және кітап оқитын адамдарды ұнатамын. Сондықтан, осы жобаны жүзеге асырдым. Жобаны аудитория жақсы қабылдады. Жобаға алғысын айтып жатқан адам көп, тек оң пікірлерін айтуда. Осы күнге дейін аталмыш жобада Оралхан Бөкейдің «Кербұғы» әңгімесі, «Тортай мінген ақбоз ат», «Тоқадан қалған тұяқ», «Күлпәштің ұршығы», «Қасқыр ұлыған түнде» ауыл хикаялары, Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романы, «Кездеспей кеткен бір бейне» шығармасы баяндалды. Алдағы уақытта өзге де авторлар мен шығармалар баяндалатын болады. Бұл жобаның ең ұтымды тұсы, қазіргі заман инновация, технология заманы. Қазір жастар видео қарағанды ұнатады. Ал, бұл жоба видео, тікелей эфир арқылы өткендіктен, көрерменді тартады және олардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырады. Сол себепті, бұл жобаны мақтана айта аламын. Бұдан бөлек Түркістан облысы бойынша, бағдарламаны, арнайы жобаны насихаттап, халыққа дұрыс жеткізу жөнінде түрлі семинарлар өткізіп, қасымдағы әріптестеріме ағлышын тілі сабақтарын жүргіздім. Өйткені, бұл да бір білімнің салтанат құруы.



- Алда қандай жоспарларыңыз бар? 


- Алда тағы 6 авторлық жобамды жүзеге асыру ойда бар. Болашақта тағы да жобалар жүзеге асырып, осы саланың дамуына барынша өз үлесімді қосамын деген үміттемін.



- Сұхбаттасқаныңызға рахмет! Әр жұмысыңыз берекелі, табысты болсын!


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді