Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризмнің орталығына айналып келеді

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризмнің орталығына айналып келеді
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов мегаполистегі медициналық туризмнің даму перспективасы мен бұл саланы бәсекеге қабілетті бағытқа айналдыру шаралары туралы айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Алматыда медициналық туризмді дамытуға зор мүмкіндік бар. Қалада көп деңгейлі медицина ұйымдары жұмыс істейді, заманауи технологиялар қолданылып, жоғары сапа стандарттары сақталады. Сонымен қатар, бағалар қолжетімді, ал ТМД елдерінің азаматтары үшін тілдік кедергі жоқ.

«Алматы қазірдің өзінде көршілес елдерден келетін науқастар үшін тартымды бағытқа айналып отыр. Әсіресе Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан келетін пациенттердің саны тұрақты түрде өсіп келеді», - деді Марат Пашимов.

Медициналық туризмді дамыту мақсатында қалада ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, сақтандыру және ассистэнс компанияларымен әріптестік нығайып келеді, онлайн-консультациялар ұйымдастырылып, шетелдік науқастарды қабылдау жүйесі жолға қойылған.

Қазіргі таңда мегаполистегі 25 медициналық ұйым онкология, хирургия, акушерлік және психоневрология сияқты түрлі бағыттар бойынша жоғары технологиялық көмек көрсетеді.

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Алматы стационарларында 178 шетелдік пациент емделді. Олардың ішінде:
– 81 адам — Ресейден,
– 25 адам — Өзбекстаннан,
– 24 адам — Қырғызстаннан.

Көбіне көрсетілетін медициналық қызмет түрлері: акушерлік пен босандыру ісі, онкология, хирургия, терапия, урология және психиатрия.

Сондай-ақ, Қазақстан заңнамасына сәйкес, қандастар, босқындар, шетелдіктер және елде тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар да қазақстандықтармен тең дәрежеде медициналық көмек алуға құқылы. Бұл көмек кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі (КТМКК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында көрсетіледі.

«Медициналық туризмді дамыту - тек қосымша табыс көзі ғана емес, сонымен бірге медициналық көмектің сапасын арттыруға және Алматының денсаулық пен инновациялар қаласы ретіндегі халықаралық беделін нығайтуға мүмкіндік береді», - деп қорытындылады Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті