Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда медицина саласын дамытуға 2025 жылы 58 млрд теңге бөлінді

Алматыда медицина саласын дамытуға 2025 жылы 58 млрд теңге бөлінді
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы денсаулық сақтау саласының негізгі көрсеткіштері бойынша ел көлемінде көш бастап тұр. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахым Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз-мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қала әкімдігі үшін денсаулық сақтау жүйесін дамыту – басты басымдықтардың бірі. Негізгі мақсат – әрбір алматылық үшін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру.

Қазіргі таңда қалада 221 медициналық ұйым жұмыс істейді. Онда 36 мыңнан астам медицина қызметкері, соның ішінде 10 мың дәрігер еңбек етуде. 2025 жылы саланы дамытуға 58 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 56,2 млрд теңге – қалалық бюджеттің қаражаты.


2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, Алматы денсаулық сақтау көрсеткіштерінің барлығы бойынша тұрақты өсім көрсетуде:

Ана өлімі – нөлге тең. Республика бойынша орташа көрсеткіш – 100 мың тірі туғанға шаққанда 9,5 жағдай;

Сәбилер өлімі республика деңгейінен 23%-ға төмен және өткен жылмен салыстырғанда 22,7%-ға азайған;

Онкологиялық өлім-жітім республика көрсеткішінен 8%-ға төмен;

Туберкулезбен сырқаттану деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен 1,7 есе төмен.

«Бұл нәтижелер – алдын алу шараларының, диагностиканы жаңғыртудың және қалалық дәрігерлердің кәсіби шеберлігінің жемісі», – деп атап өтті Алматы қаласы әкімінің орынбасары.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады