Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы полициясы такси паркін ашамын деп таныстарын алдаған азаматты құрықтады

Алматы полициясы такси паркін ашамын деп таныстарын алдаған азаматты құрықтады
Фото: polisia.kz

Алматы полициясы такси паркін ашамын деп таныстарын алдаған Жамбыл облысының тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

27 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны такси паркін ашамын деген желеумен таныстарын сан соқтырып кеткен. Күдікті айналасындағыларды такси паркін ұйымдастыруды жоспарлап отырғанына сендірген. Бірақ жолаушылар тасымалымен қамтамасыз ету үшін оған автокөліктер қажет болған. Бірнеше танысы көліктерін таксопаркке беруге және келісім бойынша көліктерін пайдаланғаны үшін дивидендтерін алуға келіскен. Шындығында, мүлдем басқаша әрекет болған.

– К.есімді азамат автокөліктерді алғаннан кейін үшінші адамдарға сатып, түскен ақшаны өзі иемденген. Осылайша уәде етілген такси паркі бір күн де жұмыс істемеген. Алданған азаматтар көмек сұрап бізге жүгінді. Күдікті қамауға алынды. Оның әрекеті ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сараланады. Тергеу жалғасып жатыр, — деді Бостандық аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімі бастығының орынбасары Камал Келеспаев.

Бүгінде полицейлер ұсталған адамның басқа да ықтимал эпизодтарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты