Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қазақстандықтарға 1,13 млрд теңге төледі

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қазақстандықтарға 1,13 млрд теңге төледі
Фото: pixabay.com

Қор шешетін басты міндет – сақтандыру ұйымы таратылған жағдайда, барлық клиенттерге сақтандыру төлемдеріне толық кепілдік беру. Елімізде Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының құрылғанына 20 жыл толды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұйым сақтандырудың барлық міндетті және әлеуметтік маңызды сыныптарын өтеуге кепілдік бере отырып, сақтандыру ұйымдарының клиенттерін және олардың төлемдерін сенімді қорғайтын осы нарықтың маңызды элементі болып табылады.

"Қор шешетін басты міндет – сақтандыру ұйымы таратылған жағдайда, барлық клиенттерге сақтандыру төлемдеріне толық кепілдік беруді қамтамасыз ету.

Бұдан басқа, Қор егер кінәлі көлік оқиғасы орнынан қашып кеткен және оны анықтау мүмкін болмаған жағдайларда жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккен адамдарды сақтандыру қорғауымен қамтамасыз етеді", – деп хабарлады Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі. 

Алғашқы 5 жыл ішінде – 2008 жылғы 1 қазанға дейін – жалғыз акционер Ұлттық Банк болды, ол СТКҚ-ны құрудың басты бастамашысы болды. Әрі қарай Қордың капиталын қалыптастырудың нарықтық тетігі іске асырылды және қазіргі уақытта кепілдік берілген сақтандыру сыныптары бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар 25 сақтандыру ұйымы оның акционерлері болып табылады.

Нәтижесінде, 20 жыл ішінде сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі өзінің тиімділігін дәлелдеді: Қор сақтанушыларға 1,13 млрд теңге төледі. 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 12,84 млрд теңге сомаға кепілдік төлемдерді жүзеге асыру үшін айтарлықтай резервтер қалыптастырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді