Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында еліміздің өңірлеріне 415 жаңа мектеп автобусы жеткізілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Түркістан, Қызылорда және Павлодар облыстарының мектеп автопаркі толықтырылды."Биыл алғаш рет өңірлердегі мектеп оқушыларын тасымалдау үшін білім ошақтарын автобустармен біржолғы қамтамасыз ету міндеті жан-жақты қаралды. Ескірген автопаркті ауыстыру және автокөліктің жеткіліксіз санын алып тастау туралы мәселе шешілді. Қазір облыстың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп қалған автобустарды өңірге жеткізу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде",-деп атап өтті ведомствоның баспасөз хатшысы Мереке Нұрмұханова.