Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жаңа оқу жылына дайындық пысықталды

Жаңа оқу жылына дайындық пысықталды
Фото: pixabay.com

ҚР Оқу-ағарту министрлігінде Мемлекет басшысының білім беру жүйесін дамытуға бағытталған тапсырмаларын іске асыру барысы және жаңа 2023-2024 оқу жылына дайындық жұмыстары талқыланған кеңес өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту минситрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы еліміздің мектептерінде робот техникасы, физика, химия, биология, STEM пәндерінен 2023 жылы мың кабинет ашуды тапсырған болатын. Қазіргі күні бұл жұмыстарға қатысты еліміздегі мектептерде 307 кабинет ашылды. 248 кабинет бойынша жеткізу жұмыстары жүзеге асуда. 1235 кабинет жабдықтарын сатып алу үшін конкурстық рәсімдер өткізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстардың төмендігі Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, ШҚО, БҚО және Түркістан облыстарында байқалуда, кеңес барысында аталған өңірлерге пәндік кабинеттерді ашу жұмыстарын жеделдету әрі сапалы орындау тапсырылды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда жыл сайын кемінде мың мектепті заманауи стандарттар бойынша жаңғырту жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде қазіргі күні елімізде 506 мектеп жаңғыртылды. Оның ішінде 107 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. 185 орта білім беру ұйымында мектеп жиһаздары жаңартылды, 201 мектеп кітапханасы мен 119 мектеп асханалары жаңғырту жұмысынан өтті. 261 мектепке турникет, бейнебақылау, дабыл түймелері орнатылып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Бұл бағытта Алматы, Атырау, Түркістан облыстарында көрсеткіш төмен.

Қазіргі күні еліміздегі 250 мектепте күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр, оның 90-ы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасымен жүзеге асуда. Алайда жаңа оқу жылына дейін 35 мектептің жөндеу жұмысы аяқталмауы мүмкін. Бұл Абай, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында орналасқан мектептер.

Жаңа оқу жылына дайындықтың негізгі міндеттерің бірі – білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету. Бұл бағытта 14 өңір 100 пайыз баспалармен келісім шарт жасады. Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында келісім-шарт жұмысы енді аяқталса, Алматы қаласы, Түркістан, Алматы облыстарында баспалармен әлі келісім шарт жасалмады.

Кеңес қортындысы бойынша барлық өңірлердегі білім беру басқармаларына Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы орындау және жұмысты жеделдету жүктелді. Ал көрсеткіші төмен облыстарға олқылықтарды шұғыл жою шараларын қолға алу тапсырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді