Өскеменде көші-қон полицейлері банкке 1,3 млн теңге қарызы бар азаматты анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Тамыз айында Өскемен қаласының көші-қон полицейлері “Банк ЦентрКредит” АҚ пайдасына 1,3 млн теңгеден асатын қарызы бар 50 жастағы ер адамды анықтаған. Іздестіру іс-шаралары барысында қызметкерлер борышкердің Өскемен қаласында екенін анықтады. Енді сот орындаушылары қарызды өндіріп алумен айналысатын болады .
Жыл басынан бері ШҚО Полиция департаменті 55-тен астам борышкерді анықтады.
Облыстық ПД көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін заңда ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша әкімшілік және ҚР ҚК-нің 139-бабы (Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады.