Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтауда жекеменшік балабақша тексерілді

Ақтауда жекеменшік балабақша тексерілді
Фото: бейне скриншот

Ақтау тұрғыны балабақшада қатты жылаған баланың даусы естілетін видеоны Lada.kz редакциясына жолдаған. Әйел мектеп жасына дейінгі балалардың көп жылайтынын, оларға ешкім назар аудармайтынын айтты. Ақтау қалалық білім бөлімі видео жарияланған соң тексеріс жүргізгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтау қалалық білім бөлімі өкілдері жекеменшік балабақшаны тексеру қорытындысын жариялады.

"Мән-жайды анықтау барысында, топта анасы кеткеннен кейін бала жаңадан қабылданған тәрбиеленушілер арасында бейімделу кезеңінен өтіп, жылап жатқаны анықталды. Мұғалім бірден баланы тыныштандыруға кірісті. Сол уақытта анасына телефон соғып, баласының жағдайын ескерткен. Анасы келгенге дейін баланы қолына алған мұғалім оны жұбатқан. Сондай-ақ, кез келген бала балабақшаға барған кезде бейімделуден өтетінін атап өткен жөн", - деді министрлік өкілдері.

Бұған дейін әйел Lada.kz сайтының редакциясына видео жолдаған. Оның айтуынша, балабақшада балалар көп жылайды.

"Бұл балабақшада әлі сөйлей алмайтын кішкентай бүлдіршіндер бар, олар 30-40 минут жылай береді, тәрбиешілер оларды жұбатпайлы. Мен жақын жерде тұрамын, көшеде отыру мүмкін емес, балалардың жылаған даусынан жүрегім ауырады", - дейді Ақтау тұрғыны.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді