Павлодардағы балабақшалардың бірінде тәрбиешінің көмекшісі балаға қол көтергені үшін жұмыстан қуылды. Бұл жағдайға қалалық білім бөлімі түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz
Оқиғаның видеосы "Типичный Павлодар – шок tipavlo" Telegram-арнасында пайда болды. Бейнебақылау камерасынан әйелдің баланы дөрекі түрде төсекке жатқызбақ болғанын көруге болады. Тіпті, балабақша қызметкері баланы бірнеше рет лақтырып, ұрып-соғуға дейін барады. Оқиға Павлодар қаласындағы мектепке дейінгі мекемеде болғаны көрсетілген. Жағдайға түсініктеме берген қалалық білім бөлімі оқиғаның Павлодардағы №4 балабақшада болғанын растады. "Бұл оқиға ағымдағы жылдың 9 тамызында жатын бөлмеде балаларды күндізгі ұйқыға жатқызған кезде болған.
Бұл жағдайға байланысты мектепке дейінгі ұйым басшысының міндетін атқарушыдан, кіші топ тәрбиешісінің көмекшісінен түсіндірме хат алынды. Бүгінгі күнге жұмыс берушінің бастамасы бойынша кіші топтағы тәрбие көмекшісімен еңбек шарты бұзылды", – деп хабарлады Павлодар қалалық білім бөлімінен. Анықталғандай, баланың анасы қызының аяғы көгеріп қалғанын байқап, бейнекамерадан жазбаны көрген. Белгілі болғандай, бала аяғын төсекке ұрып алған соң көгеріп қалды деген. Алайда, бейнежазбаларды көргенде балабақша қызметкерінің қол жұмсау фактісі анықталды.
11-08-2022, 13:23
Павлодарда балаларға қол көтерген тәрбиеші көмекшісі жұмыстан қуылды
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз