Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы балабақшасында бүлдіршін соққы көрген: меңгеруші мен тәрбиеші жұмыстан босатылды

Алматы балабақшасында бүлдіршін соққы көрген. Оқиғаға қатысты қалалық білім басқармасы өкілі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде балабақша тәрбиеленушілері бүлдіршінді ұрып-соққаны туралы видео тарады. Видеода басқа балалардың топ ішіндегі бір бүлдіршінді жабылып ұрып жатқаны көрсетіледі.

Алматы қаласы білім басқармасы оқиға 24 желтоқсанда Әуезов ауданы №58 балабақша тәрбиеленушісіне қатысты болғанын мәлімдеді.

"Осы оқиға нәтижесінде топ тәрбиешісі мен балабақша меңгерушісі қызметінен босатылды. Әуезов ауданы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы мен білім беру бөлімінің басшысына қатысты бақылауды әлсіреткені үшін тәртіптік жазалар қолданылды", - деді басқарма өкілі.

Қазір зардап шеккен балаға психологиялық қолдау көрсетіліп жатыр, баланың жағдайы бірқалыпты. Барлық мектепке дейінгі ұйымдарда алдын алу шаралары күшейтілді.

Бұған дейін Алматыда бейнебақылау камераларына түсіп қалған балабақша тәрбиешісінің әрекеті Қазнет қолданушыларын ашуландырғаны хабарланған еді. Осы оқиғадан соң тәрбиеші бап бойынша жұмыстан шығарылғаны айтылды. Кейін Алматыда балабақшада балаларды ұрып-соқты деген тәрбиеші өзіне қол жұмсағаны белгілі болды. Ақпаратты қалалық Полиция басқармасы растады. Құқық қорғау органдары әйелдің асылып қалғанын, сот-медициналық сараптама тағайындалғанын мәлімдеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты