Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Грузия Үкіметтерінің басшылары Алматыда кездесу өткізді

Қазақстан мен Грузия Үкіметтерінің басшылары Алматыда кездесу өткізді
Фото: primeminister.kz

Алматыда Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Грузия Премьер-Министрі Ираклий Гарибашвили сауда, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Кездесу барысында Әлихан Смайылов Грузия Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы маңызды әрі сенімді серіктесі екенін атап өтті. Жалпы, осы жылдың 6 айында өзара сауда көлемі шамамен 30%-ға өсіп, $190 млн құрады, бұл ретте сауда көлемін одан әрі арттыру үшін Үкіметаралық комиссия жұмыс істейді. 

Премьер-Министр екіжақты қарым-қатынаста транзиттік-көлік секторындағы ынтымақтастыққа басымдық берілетінін атап өтті. Мәселен, бүгінде екі ел арасында Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясындағы әріптестік қарқынды нығайып келеді. Өткен жылдың 6 айының қорытындысына сәйкес Орта дәліз бойынша жүктерді тасымалдау көлемі 77%-ға өсіп, 1,3 млн тоннаны құрады. 

Әлихан Смайылов қол жеткізілген уағдаластықтар осы дәліздің одан әрі дамуына қосымша серпін бергенін айта кетті. Атап айтқанда, цифрландыру, тасымалдауға тұрақты тарифтерді бекіту және бірыңғай логистикалық оператор құру жөніндегі мәселелердің ілгерілеуі ерекше маңызға ие болды. 

«Біз аймақтың көлік байланысын арттыруға және транзиттің жағдайын жүйелі түрде жақсартуға мүдделіміз. Жалпы алғанда, Қазақстан Үкіметі Қазақстан-Грузия әріптестігінің барлық сала бойынша серпінді дамуын қамтамасыз ету үшін көп жоспарлы жұмысты жалғастыруға ниетті екенін ерекше атап өткім келеді», — деді Премьер-Министр.

Өз тарапынан Ираклий Гарибашвили Грузияның екіжақты ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша Қазақстанмен тиімді өзара іс-қимылды нығайтуға дайын екенін растады.

«Бұған дейін біз екі елге де қызықты жобаларды жүзеге асырудың ауқымды жоспарларын талқылағанбыз. Біз Орта дәлізді дамытуға және осы бағыттағы бірлескен жоспарларға үлкен көңіл бөлеміз. Тиісті Жол картасына қол қойылды. Біздің ынтымақтастығымыз әрі қарай да тиімді болатынына сенемін», — деді Грузия Премьер-Министрі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты