Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әлихан Смайылов пен БАӘ-нің Қазақстандағы елшісі бірлескен инвестициялық жобаларды талқылады

Әлихан Смайылов пен БАӘ-нің Қазақстандағы елшісі  бірлескен инвестициялық жобаларды  талқылады
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен БАӘ-нің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арики өзара сауда көлемін ұлғайту және энергетика, көлік, логистика салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Әлихан Смайылов Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерімен инвестициялық әріптестікті дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша БАӘ-ден Қазақстанға тартылған инвестиция көлемі 27%-ға өсіп, шамамен $420 млн болды. Осы ретте биылғы қаңтар айында Мемлекет басшысының ресми сапары аясында екі ел үкіметтері Жаңа стратегиялық инвестициялық жобаларды іске асыру туралы бірлескен декларацияға қол қойды.

«Бүгінде тараптардың жоғары деңгейдегі уағдаластықтарды орындауға кіріскені қуантады. Біз өзара іс-қимылды жандандыруға, оның ішінде Қазақстан экономикасына тартылатын БАӘ инвестицияларының көлемін арттыруға мүдделіміз», — деді Әлихан Смайылов. 

Сонымен қатар Үкімет басшысы сауда қатынастарын дамыту да басым міндет екенін айтты.

«Екі елдің көшбасшылары өзара тауар айналымының көлемін $1 млрд-қа дейін жеткізу міндетін қойды. Осыған байланысты Қазақстан ауыл шаруашылығы, машина жасау және жеңіл өнеркәсіп салалары өнімдерін БАӘ нарығына жеткізу көлемін ұлғайтуға дайын», — деді Премьер-Министр.

Өз кезегінде Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арики әмірліктердің өзара тиімді мемлекетаралық ынтымақтастықты, оның ішінде ҚР Президентінің БАӘ-ге сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөніндегі бірлескен іс-қимылды арттыруға дайын екенін атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды