21 шілдеде жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында ШҚО ПД ҰҚҚІКБ қызметкерлерінің назарына 1989 жылы туған, 2023 жылғы 11 мамырда ҚР ҚК –нің 188-бабы 3-бөлігімен 3 жылға сотталған ер адамның сотталғанға дейін Шемонаиха қаласы шетіндегі өзендердің бірінің жағасында орман алқабында тапаншаны көмгені туралы ақпарат келіп түскен, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Тексеру барысында ақпарат расталды. Маманның қорытындысына сәйкес, табылған мылтық оқ атуға жарамды, сериялық нөмірі 94150796, РС-22 үлгісіндегі 5,6 мм оқ патронына арналған шығыршықты балқитын қолдан жасалған тегіс ұңғылы жеті зарядтты револьвер екені белгілі болды. Қару тәркіленді. Айыпталушы өз кінәсін мойындады.
Тағы бір тәркілеу фактісі облыс орталығында орын алып, жедел тінту кезінде 1997 жылы туған ер адамның әмиянынан кастетке ұқсас зат табылып, тәркіленді.
Маманның қорытындысына сәйкес тәркіленген зат кастет түріне ұқсас суық қару болып табылатындығын және қолдан жасалғандығы анықталды.
Жауап алу барысында күдікті кінәсін толық мойындады, оған қатысты келуге міндеттеу түріндегі процесстік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Профилактикалық іс-шараның соңында 1977 жылы туған Риддер қаласының тұрғыны үйінде заңсыз қару сақтауы мүмкін деген ақпарат тексерілді. Және бұл ақпарат та расталды.
Үйді кідіріссіз тінту полицейлер кезінде "ИЖ – 18" маркалы оқпан мен тұтқаны қолдан қысқарту жолымен жасалған 5,6мм калибрлі патронға арналған алынбалы иір ойықты оқпаны бар тегіс ұңғыл атуға жарамды аңшылық мылтығын анықтады.
Қаскөйге қатысты ешқайда шықпау түріндегі процесстік мәжбүрллеу шарасы таңдалды.
Барлық үш факті бойынша ҚР ҚК –нің 287 - бабы 3-бөлігімен -атыс қаруын (тегіс ұңғыл аңшылық қарудан басқа), оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, оның санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.