“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілген төрт күн ішінде Ақмола облысының аумағында заңсыз айналымнан 10 бірлік атыс қаруы, 15 оқ-дәрі, төрт бірлік арнайы құралдар, сондай-ақ 20 бірлік суық қару тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Мысалы, 18 қаңтарда Атбасар ауданының ПБ қызметкерлері жедел-алдын алу іс-шарасы аясында аулаларды аралау барысында 44 жастағы жергілікті тұрғыннан тіркелмеген 12 калибрлі, ТОЗ-34р маркалы екі ұңғылы мылтық табылып, тәркіленді.
<!--more-->Сол күні Ақмола облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығы тұрғынының автокөлігінің салонынан және оның жолаушысынан үш металл пышақ, металл кастет табылып, тәркіленді.
<!--more-->Бір күн бұрын, 17 қаңтарда Бурабай ауданының аумағында жедел уәкілдер ауылдардың бірінің тұрғынынан тіркелмеген ИЖ-18Е, 16 калибрлі аңшылық мылтық тауып, тәркіледі.
<!--more-->Барлық фактілер бойынша тексеру жүргізіледі, сонымен қатар сот-баллистикалық зерттеу тағайындалды. Жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданатын болады.
<!--more-->Жалпы, өткен кезеңде ақмолалық полиция қызметкерлері 957 тексеру жүргізді, 403 қараусыз қалған ғимараттар мен 554 қараусыз қалған саяжай массивтері тексерілді.