Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада "Яндекс" курьерлері ереуілге шықты

Астанада
Фото: Әлеуметтік желіден алынған бейне скриншот

9 шілде күні кешке Астанада "Яндекс" компаниясының курьерлері ереуілге шықты. Оқиға видеосын қала тұрғындары әлеуметтік желіде жариялады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Кадрда он шақты мопед жүргізушісінің көшеге жиналып жатқанын байқауға болады. Полиция қызметкерлері ереуіл болған жерге барды.

Астана полиция департаменті жол қозғалысына кедергі келтірген "Яндекс" курьерлері жауапқа тартылғанын хабарлады.

"9 шілде күні сағат 21:00 шамасында ЭКСПО аумағында жұмыстарына көңілдері толмайтын "Яндекс" курьерлері жиналды. Кейін жастар мопедтерімен Қабанбай батыр даңғылының бойындағы "Қазақстан Күні" монументіне қарай бет алды.

Олар жол қозғалысына үлкен кедергі жасап, мән-жайды анықтау үшін полиция қызметкерлері оларды тоқтатты. Қосымша тергеу үшін олар Есіл аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Істі қараудан кейін наразылық білдірушілер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабының 1-бөлігі (Жаяу жүргіншілердің және жол қозғалысының басқа да қатысушыларының жол қозғалысы ережелерін бұзуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді елорда жол полиция қызметкерлері.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды