Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Парламент 11 халықаралық шарт пен мемлекетаралық келісімді ратификациялады – Мәжіліс төрағасы

Парламент 11 халықаралық шарт пен мемлекетаралық келісімді ратификациялады – Мәжіліс төрағасы
Фото: akorda.kz

Парламенттің жалпы отырыстарын телеарналарда тікелей эфирде көрсету бастамасын жұртшылық жақсы қабылдап жатыр. Бұл туралы қос палатаның отырысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы аясында Мәжілістің өкілеттігі, бақылаушылық функциясы күшейтілді. Президент айтқандай, біз бюджеттің атқарылуы барысын, әрбір тиынның жұмсалуын қатаң қадағалауымыз қажет. Осыған орай Жоғары аудиторлық палатаның есебін тыңдадық. Онда халықты толғандыратын ең өзекті тақырып – жылумен қамту мәселесі көтерілді. Қоғамды, депутаттарды жылу орталықтарының қысқы маусымға дайындығы алаңдатып отыр. Осы жөнінде біраз сыни пікірлер айтылды. Нәтижесінде Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаға тиісті ұсынымдар жолданды», - деді Е. Қошанов.

Палата спикерінің айтуынша, Мәжілістің келесі есебі мемлекеттік қарыз тақырыбына арналады. Осы тақырып алдағы сессияда талқыланбақ.

«Сонымен қатар депутаттар халықаралық шарттар мен келісімдердің отандық базасын қалыптастыруға баса мән берді. Парламент 11 халықаралық шарт пен мемлекетаралық келісімді ратификациялады. Заң шығару саласындағы біздің барлық жұмысымыз қоғам үшін ашық екенін ерекше атап өткім келеді. Осы сессияда, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Парламенттің қос палатасы жалпы отырыстарды «Хабар 24» телеарнасында тікелей эфирде көрсетуге көшті. Сондай-ақ Мәжілістің жалпы отырысы «Жібек жолы» телеарнасынан көрсетіліп келеді. Бұл бастаманы жұртшылық жақсы қабылдап жатыр», - деді Мәжіліс төрағасы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда сегізінші сайланған Парламенттің бірінші сессиясы ресми түрде жабылды.

Депутаттар биылғы 1 қыркүйекке дейін парламенттік каникул деп жарияланатыны туралы арнайы қаулы қабылдады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді