Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында жылан шаққан тоғыз жасар бала ауруханада көз жұмды

Алматы облысында жылан шаққан тоғыз жасар бала ауруханада көз жұмды
Фото: pixabay.com

Алматы облысына қарасты Кеген ауылында тоғыз жасар баланы жылан шаққан. Бала ауруханаға дер кезінде жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2023 жылы 27 маусымда сағат 13-35-те Кеген аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне 9 жасар бала жылан шағу  диагнозымен өте ауыр халде түскен.

"Балаға жансақтау бөлімінде дезинтоксикациялық ем жасалып, схема бойынша екі реттік жылан уына қарсы сарысу жасалды. Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлерімен және Алматы қаласының токсиколог дәрігерінің қатысуымен консилиум өткізіліп, онлайн кеңес жасалды", – деп жауап берді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Zakon.kz жолдаған сауалға.

Ведомство өкілінің мәлімдеуінше, аудандық ауруханаға Алматы қаласының № 1 қалалық балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының токсиколог және реаниматолог дәрігерлері арнайы барған, республикалық денгейдегі анестезиолог-реаниматолог, токсиколог дәрігерлерімен консилиум өткізілген.


"Жансақтау бөлімінде науқасқа клиникалық хаттамаға сай емдік шаралары толық жасалды. Бірақ, интенсивті реанимациялық комектің дер кезінде көрсетілгеніне қарамастан 2023 жылы 29 маусымда биологиялық өлім тіркелді".Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Айта кетерлігі, ауыл тұрғындарының сөзінше, осыдан бірнеше күн бұрын осы ауданда тағы бір адам жылан уынан қайтыс болған. 


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді