Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында жүк пойызына мініп, көрші ауылға бармақ болған балалардың бірі көз жұмды

Жамбыл облысында жүк пойызына мініп, әкесіне бармақ болған балалардың бірі пойыздан секірген кезде алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz.

Бұл ақпаратты басылымға Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі растаған. Әкімдік мәліметінше, кеше түнгі сағат 23:00-де Талас аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне 2015 жылы дүниеге келген ұл бала жедел жәрдем көлігімен жеткізілген. Жеті жасар сәби аруханаға ес-түссіз күйде жеткізілген, жағдайы өте ауыр болған. Бала Жамбыл облысына қарасты Билікөл ауылы тұсында жүріп келе жатқан жүк пойызынан секіріп түскен кезде ауыр жарақат алған.

Басылым дерегінше, бала дереу жансақтау бөліміне жатқызылып, реанимациялық шұғыл медициналық көмек көрсетілген. Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылып, Тараз қаласынан санавиациямен нейрохирург дәрігер жеткізілген. Алайда сәби жарақатының ауыр болуы салдарынан бүгін сағат 11:40-та көз жұмған. Ал 2013 жылы дүниеге келген баланың миы шайқалған, оң жақ самай тұсында жарақаты бар. Ол Талас аудандық орталық ауруханасының хирургия бөліміне жатқызылды.

Жалпы жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Еске сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында 9 және 7 жасар екі ұл баланың жүк пойызына мініп, әкелеріне бармақ болғаны туралы жазған едік. Олар пойыз жылдамдығынан қорқып, жолда вагон үстінен секіріп кеткен болатын. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты