Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте жеке басын анықтайтын құжаты жоқ 250-ге жуық шетелдік азамат қабылдап-тарату орнына жеткізілді

Шымкентте жеке басын анықтайтын құжаты жоқ 250-ге жуық шетелдік азамат қабылдап-тарату орнына жеткізілді
Фото: polisia.kz

Республикалық көлемде өткізілген “Заңсыз келуші” ЖПІШ барысында шымкенттік полицейлер көші-қон заңнамасын бұзудың 851 дерегін анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары қала аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізіп, құрылыс орындары мен сауда нүктелерін және тұрғын үйлерді тексерді.

<!--more-->Нәтижесінде Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзған 565 шетелдікке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды.

Өзге елдің азаматтарын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткені үшін, 214 қазақстандық анықталып, ӘҚБтК-тің 518-бабында көрсетілген талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Бұған қоса, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін 54 құқық бұзушы анықталып, оларға қатысты тиісті шаралар қабылданды. Қала аумағында көші-қон заңдылығын бұзған 41 шетелдік Қазақстан Республикасы аумағынан аластатылып, халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы ұсталды.

Қазіргі таңда, қабылдап-тарату орнына жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ – 247 тұлға орналастырылды. Іс-шара барысында заңсыз көші-қонды ұйымдастырудың 1 (ҚР ҚК 394-бабы) және шетелдік еңбек күшін заңсыз бірнеше рет пайдаланудың (ҚР ҚК 395-бабы) 1-дерегі анықталып, қылмыстық іс қозғалды.

Осы орайда шымкенттік полицейлер шетелдіктерді уақтылы тіркемеу және шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту немесе пайдалану ҚР ӘҚБтК-нің 518 және 519-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді