Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың ісі сотқа жіберілді

Алматы прокуратурасы қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінгендерге, оның ішінде танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты қылмыстық істі сотқа жіберді, деп хабарлайды kazlenta.kz

Алматы қаласының прокуратурасы ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және оны басқару фактісі бойынша А.Құрманғалиев, Р.Бұрқанов, Рахимова Д. Ча А., Рүстемов Т, Қасенов С, Сұлтанбаев Н, Шерниязов М, Төребаев М, Жармұхамед Б, Мансұров Ерлан мен Ержанды айыптау бойынша қылмыстық істі Алматының Алмалы аудандық сотына жіберді", – делінген хабарламада.
Іс фигуранттары А. Ораз бен А. Саидбаев халықаралық іздестіруге жарияланды. Айта кетейік, Әзімжан Саидбаевқа биыл ақпан айында Алматыда іздеу жарияланды. Алматы прокуратурасының хабарлауынша, іс аясында 41 жылжымайтын мүлікке, 3 автокөлікке, 9 банктік шотқа және 16 компанияның жарғылық капиталындағы әр түрлі үлестерге тыйым салынды.
"Іс бойынша айыптауды процессуалды прокурор қолдайды", – деп нақтылады қадағалау органының мамандары. 
Еске салайық, биыл ақпан айында блогер Мейіржан Төребаев пен актер Мейірхан Шерниязов Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген болатын. 20 сәуірде олар 10 күнге қамауға алынды, содан кейін қамауға алу мерзімі екі айға ұзартылды. Кейінірек қамауға алу мерзімі тағы бірнеше рет ұзартылды. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді