Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Судья LRT ісі бойынша сот үкімінің күшін жойды

Нұр-Сұлтан сотының сот алқасы елордада LRT жобасын іске асыру кезінде қаржы жымқыру дерегі бойынша айыпталушыларға қатысты үкімді жойып, заңбұзушылықтарды жою үшін істі прокурорға қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сот алқасы қаулы етті: қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2021 жылғы 28 мамырдағы Рашид Аманжолов, Жанат Нұрпейісов, Талғат Әшім, Ұлықбек Ачилов, Тимур Қасабаев, Дулат Мусенов, Дәурен Әбдіхамитовке қатысты үкімінің күші жойылды. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының басты сот талқылауына кедергі келтіретін елеулі бұзушылықтары мен нормаларын жою үшін қылмыстық іс Нұр-Сұлтан қаласының прокурорына қайтарылды", - деп Абай Көкжалов Нұр-Сұлтан қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы судьясының шешімін оқыды.

Айыпталушыларды "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалды.

Еске салайық, 28 мамырда LRT жобасын іске асыру кезінде қаржы жымқыру ісі бойынша сотталушыларға үкім шыққан болатын. 

Іс бойынша айыпталушылар 7 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге сотталған:

  • Елорданың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Рашид Аманжолов 10 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылған, жазасын қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.
  • Қалалық мәслихаттың экс-депутаты және хатшысы Жанат Нұрпейісов қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтейді, ол мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылған.
  • Astana Innovations АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Әшім орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейді, ол мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылған.
  • ЖШС өкілі Ұлықбек Ачилов 8 жылға бас бостандығынан айырылған, жазасын орташа қауіпсіздік колониясында өтейді.
  • Мердігердің өкілі Дәурен Әбдіхамитов заңсыз жолмен алынған басқа тұлғалардың меншігіндегі мүлкі тәркіленіп, 8 жылға бас бостандығынан айырылған.
  • Мердігер өкілі Дулат Мусенов 7 жылға бас бостандығынан айырылған.
  • Мердігердің өкілі Тимур Қасабаев 8 жылға бас бостандығынан айырылған.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды
Ақордада Сингапур Президентін салтанатты қарсы алды
90 мыңға жуық азамат автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеді
Атырауда дәстүрлі садақ атудан "Алтын Орда" халықаралық турнирі өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшілері соғыс ардагерін ғасырлық мерейтойымен құттықтады