Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Ермек Беделбайұлы Көшербаев 1965 жылы Алматы қаласында туған.С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген.

Еңбек жолын:

1988 жылы Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінде аға инспектор болып бастаған.

1989-1994 жылдар аралығында аталған министрлікте әртүрлі лауазымдарда еңбек еткен.

1994–1996 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының Халықаралық бөлімінің консультанты, Президенттің Протоколдық қызметінің басшысы болған.

1996–1997 жылдары Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, Сыртық істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы лауазымдарын атқарған.

1997–1999 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі болған.

2000–2010 жылдары коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс істеген.

2010–2014 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары болған.

2014-2018 жылдары Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы лауазымдарында қызмет еткен.

2018–2020 жылдар аралығында Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы, Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымдарын атқарған.

2020 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен марапатталған.

Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады