Ыдырысов Ерлан Әбілфайызұлы 1959 жылы 28 сәуірде Қарағанды облысында туған. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, КСРО Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясын бітірген.
Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігі консульдық бөлімінің екінші хатшысы, министрдің көмекшісі, бөлім меңгерушісі, халықаралық экономикалық қатынастар жөніндегі кеңесші қызметтерін атқарған.
1995-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің басқарма бастығы, Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
1996-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
1997-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, сыртқы істер вице-министрі - 1-ші департамент директоры.
1998-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы сыртқы істер бірінші орынбасары.
1999-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрі, министрдің бірінші орынбасары.
2002-2007 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Швед Корольдігіндегі, Норвегия Корольдігіндегі, Ирландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы қызметін атқарған.
2007-2012 жылдары ҚР-ның Бразилия Федеративтік Республиксындағы төтенше және Өкілетті елшісі.
2012 жылғы қыркүйектен 2016 жылғы желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі лауазымында болды.
«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.