"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ басқармасының шешімімен Қырымбек Елеуұлы Көшербаев "Ембімұнайгаз" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директоры болып сайланды", - делінген "Ембімұнайгаз" АҚ-ның хабарламасында.
Айта кетейік, еңбек жолын инженер, өндірісті дайындау тобының бастығы болып бастаған Қырымбек Көшербаев әр жылдары түрлі лауазымды қызметтерді атқарған.
Мәселен: 2006-2011 жылдары Маңғыстау облысының әкімі; 2012 жылы Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі; 2012-2013 жылдары премьер-министрдің орынбасары; 2013-2019 жылдары Қызылорда облысының әкімі; 2019 жылдың маусымынан қыркүйегіне дейін Президент әкімшілігінің басшысы; 2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы болды. Биыл 5 қаңтарда мемлекеттік хатшы қызметінен босатылды.