Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бейбіт Исабаев Жетісу облысының әкімі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Жетісу облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды БОРТN1 Telegram арнасы.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Жетісу облысының әкімі лауазымына тағайындалды",-деп жазылған хабарламада. 

Айта кетейік, Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев 1962 жылы Алматы облысында туған. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген. Мамандығы – журналист, халықаралық қатынастар маманы. Төтенше және Өкілетті елші дипломатиялық дәрежесі бар, саяси ғылымдардың кандидаты. 1985-1994 жылдары әртүрлі бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеді.

Өркен – Горизонт газеттерінің бас редакторы, Қазақ мемлекеттік телерадио кешенінің бас директоры болды. 1994-1997 жылдары Алматы қаласы әкімшілігінде басшылық қызметтер атқарды, қала әкімінің орынбасары болды. 1997-2000 жылдарда – Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының тыңдаушысы, Сыртқы істер министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры. 2000-2002 жылдары премьер-министрі кеңсесінің үкіметтік ақпарат бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарды.

2002-2003 жылдары – Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Қазақстанның Орталық Азия ынтымақтастығы ұйымы мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестірушісі. 2003-2008 жылдарда Қазақстанның Пәкістан ислам республикасындағы төтенше және өкілетті Елшісі, Қазақстанның Түркия республикасындағы төтенше және өкілетті Елшісі, Қазақстанның Албания республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болды. 2008-2009 жылдарда Мәдениет және ақпарат вице-министрі, президенттің баспасөз хатшысы қызметтерін атқарды. 2009-2019 жылдары – Қазақстаның Қырғыз, Әзербайжан республикаларындағы төтенше және өкілетті Елшісі. 2019-2022 жылдар аралығында президенттің парламенттегі өкілдігінің басшысы, парламент сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болды. 2022 жылдың 11 маусымынан бастап – Жетісу облысының әкімі.

Айта кетейік, осы аптада елімізде бірқатар маңызды орган басшылары да қайта тағайындалған еді. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты