Алматы әуежайында қала аймақтары мен ресми такси операторлары қызметінің тарифтері көрсетілген ақпараттық тақталар ілінді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ақпараттық стендтер мен буклеттер әуежайдың халықаралық рейстер ұшып келетін аумағында орналастырылған.
«Арнайы құрылған жұмыс тобы Алматы қаласының аймақтары мен ұсынылатын бағаларды, сондай-ақ ресми такси операторлары қызметінің тарифтері көрсетілген ақпараттық стендтер мен буклеттер әзірледі. Материалдар қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде жарияланды. Біз таксиді заңсыз жүргізушілермен күресу үшін үшін қолдан келген шараларды жасап жатырмыз», - деп мәлімдеді әуежайдың баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, Алматыда шетел азаматтарын әуежайдан қонақүйге дейін 800 долларға жеткізген такси жүргізушісі жазаланған еді.
Сондай-ақ, Алматы әуежайында шетел азаматтарынан тасымал қызметі үшін қомақты қаржы алған такси жүргізушісі бес тәулікке қамалған болатын.