ҚР ҰҚК Шекара қызметі шетел азаматтарының жалған құжаттарды пайдалану деректерін анықтауды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz zakon.kz сайтына сілтеп.
Ведомство өкілдері 2023 жылғы 22 ақпанда Алматы қаласының халықаралық әуежайында және Павлодар облысы "Шарбақты" өткізу пунктінде Тәжікстан Республикасының 6 азаматы ұсталғанын мәлімдеді.
"Төлқұжаттық бақылауды іске асыру барысында аталған азаматтардан ҚР аумағында уақытша болуға рұқсат беру туралы жалған анықтамалар және Шекара қызметінің шекарадан өтті деген жалған мөр басылған төлқұжаттары анықталды".ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Қазір ұсталған азаматтар тергеліп жатыр.