Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы полициясы контейнерден есірткі зертханасын жасаған күдіктілерді қолға түсірді

Алматы полициясы контейнерден есірткі зертханасын жасаған күдіктілерді қолға түсірді

Алматы полициясы контейнерден есірткі зертханасын жасаған күдіктілерді қолға түсірді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда контейнерлердің бірін алып бара жатқан манипулятордың жолын полиция қызметкерлері бөгеді. Жүргізуші бұл контейнерді қала шетінен 140 мың теңгеге апарып беруге келіскенін айтты.


– Жедел іс-шараларды жүргізу барысында контейнердің жақында орналасқан жері – Алматы облысы, Жамбыл ауданы аумағындағы шаруа қожалығы екендігі белгілі болды. Дәл осы жерден, синтетикалық есірткі өндіретін орыннан тағы екі контейнер табылды. Ішінен иіс шығып тұрды. Басқа жақтан келген екі азамат қылмыстық өндіріс жасағаны анықталды: олар мал ұстаймыз деген желеумен контейнерлерді жалға алған. Өз істерін жасыру үшін тіпті 6 бас ірі қара малдары да болған. Үш контейнерді тінту кезінде шыны зертханалық колбалар, жалпы салмағы 8 тоннаға жуық сұйықтық құйылған 324 канистр, ерекше иісі бар 70 келіге жуық ақшыл түсті кесек зат табылды және тәркіленді, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.


Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша бірыңғай тізілімге тіркелді. Тәркіленген заттарға сот-химиялық сараптама тағайындалды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайтынын хабарлады. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты