Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы полициясы есірткі зертханасын жойды

Алматы полициясы есірткі зертханасын жойды
Фото: polisia.kz

Алматы полициясы прокуратураның “Есірткі бизнесімен күрес” жобасы аясында есірткі зертханасын жойды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Есірткі зертханасын 27 жастағы О.есімді азамат иемденіп, жүргізіп отырған.

– Күдікті біздің назарымызға біраз уақыт бұрын ілікті. Ол синтетикалық есірткіні белсенді қолданушы ғана емес, оның тұрақты таратушысы екені де белгілі болды. Мақсатты жедел және арнайы шаралар күдіктінің қылмыстық әрекетінің басқа бағытын анықтауға мүмкіндік берді. Ол “синтетика” өндіруші болып шықты. Ер адам өндірісті Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылындағы үйлердің бірінде ұйымдастырған. Бір сөзбен айтқанда, әмбебап есірткі сатушыны әшкереледік, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Ұсталған адамның айтуынша, ол өндіріске қажетті шикізатты “жұмыс берушіден” Алматы облысы Қарасай ауданында жасырылған жасырын орындар – бетбелгілер түрінде алған.

– О.есімді азамат дайын өнімді дозалар бойынша бөліп, қаланың Түрксіб, Алатау, Наурызбай және Бостандық аудандарында сатқан. Ұсталған адамның жалға алған тұрғын үйінде тінту жүргізілді: есірткі зертханасының дәстүрлі жиынтығы табылды. Шөп пен шикізат сот-химиялық сараптамаға жіберіледі. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді, – деді Ерлан Әлмағамбетов.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты