Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Өскеменде жасырын есірткі зертханасының жұмыс істеп тұрғаны анықталды

ІІМ өкілі Шұғыла Нұрлыбек ведомствода өткен брифингте Өскемендегі бейнекамералардың көмегімен болжамды есірткі сатушыны ұстау мән-жайын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Шұғыла Нұрлыбек Өскеменде бейнебақылау жүйелерінің көмегімен есірткі сатушыны ұстап, жасырын есірткі зертханасын жойғанын хабарлады.

"Облыстық есірткіге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлеріне қала орталығындағы үйлердің бірінде басқа қаладан келген ер адам тұрып жатқаны туралы, күнде кешкілік үйінен шығып кететіні жайлы ақпарат келіп түсті. Алынған мәліметтерді нақтылау үшін бейнебақылау камералары қолданылды. Сыртқы бақылау барысында жас жігіттің күн сайын кешке пәтерден арқа қоржынымен шығып, ауданды айналып өтіп, түнде үйіне оралатыны анықталды. Белгілі болғандай, ол осылайша есірткіні жасырумен айналысқан", – деп толықтырды спикер. 

Оның айтуынша, күдіктіні ұстау кезінде 30 доза синтетикалық "Альфа-PVP" есірткісі тәркіленген. Полицейлер жалдамалы үйді тінту кезінде сатуға дайындалған тағы 600 грамм синтетикалық есірткіні тәркіледі. "Жауап алу барысында күдіктінің бұрын Қарағандыда тұрғаны, ақша табу мақсатымен Өскемен қаласына келіп, есірткі өндірумен және сатумен айналысқаны белгілі болды", – деп түйіндеді Шұғыла Нұрлыбек.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады