Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Абай облысында эвакуацияланған түлектер емтиханды Семейде тапсырған

Абай облысында эвакуацияланған түлектер емтиханды Семейде тапсырған
Фото: pixabay.com

Абай облысында эвакуацияланған 9, 11 сынып түлектері мектеп бітіру емтихандарын Семей қаласында тапсырады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның сөзінше, өңірде қауіпсіз аймаққа эвакуацияланған тұрғындардың арасында 64 бала бар. Олар отбасыларымен бірге Семейдегі екі колледж ғимаратына орналастырылған.

"Эвакуацияланған 9,11-сынып түлектерінің қорытынды емтиханды кедергісіз тапсыруы үшін барлық жағдай жасалып жатыр, мектеп бітіру емтихандары Семейде ұйымдастырылады", – деп жазды Бейсембаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ведомство басшысы сондай-ақ апат салдарынан асыраушысынан айырылған отбасылардың балалары жаңа оқу жылында білім алуын еш кедергісіз жалғастыруы үшін мектеп формасымен, қажетті оқу құралдарымен және ыстық тамақпен қамтылатынын айтты.

"Балалардың құқықтарын қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету министрліктің үнемі бақылауында", - деді министр.

Бұдан бөлек, Балалар құқығын қорғау комитеті төрағасына асыраушысынан айырылған отбасылармен жеке кездесіп, балалардың психологиялық кеңес алуына, жазғы сауықтыру лагерлерінде демалуына барлық жағдайды ұйымдастыру тапсырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады