Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола облысында кеншілер үш күннен бері ереуілде тұр

Ақмола облысында кеншілер үш күннен бері ереуілде тұр
Фото: azattyq.org

Әлеуметтік желілерде Бестөбе кентіндегі "Алтыналмас" алтын өндіруші компаниясының ондаған қызметкері наразылыққа шыққаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Наразылық үш күннен бері жалғасуда – кейбір кеншілер көшеде жергілікті мәдениет үйі ғимаратының алдында түнеген.

“Азаттықтың” жазуынша, билік олардан мәдениет үйінің ғимараты маңынан кетуді өтінген.

Қазір 60-қа жуық адам ереуілдетіп тұр, оларды полиция мен СОБР жауынгерлері торуылдап жүр. 

"Біз бұл күндері бейбіт митингте тұрмыз, мәселеміздің шешілуін күтудеміз. Түнде  көшедегі прожекторды өшіріп тастады, шамасы, бізді тарасын деген болуы керек. Бірақ кеншілер өздерімен бірге шамдар, тамақ алып келді, жаңбыр астында түнеді. Таңертең мұнда көптеген полиция көліктері келді, қазір мұнда құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің қарасы көп, ауыл әкімі де жүр, СОБР да көрінеді. Мүмкін бізді тарату мақсатында шығар", - деді кеншілер.

Полиция жиналғандардың барлығын таратуды талап етіп жатыр.

"Алтыналмас" – металл кен орындарын геологиялық барлау, оларды өндіру, қайта өңдеу және өнеркәсіптік инфрақұрылым салу салаларындағы қазақстандық компания. Қазақстанда 30 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Директорлар кеңесінің төрағасы – Владимир Джуманбаев.

Айта кетейік, бұдан бұрын Жаңаөзенде көлік компаниясының қызметкерлері наразылыққа шыққан.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті