Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбеде мектеп пен ауруханаларға жылу аз мөлшерде берілуде

Ақтөбедегі балалар ауруханасының іші салқын, сонымен бірге кейбір мектептерде жылыту желісінен ақау шықты. Облыс әкімі Ералы Тоғжанов қаланы аралау кезінде осы кемшіліктерді жоюға тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz


Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов әлеуметтік нысандарды жылумен қамту жайын тексерді. Бұл мәселеге қатысты ақтөбелік тұрғындардың да шағымдары бар. Өңір басшысы Ана мен баланы қорғау орталығында болды. Науқастар медициналық мекеменің салқын екенін айтып жүр. Мұнда жылыту маусымына дайындықтың қанағаттанарлықсыз болғаны, бөлімшелердің салқын екені, терезелерінен жел соғып тұрғаны анықталды.


«Сіз қалайша жылыту маусымына дайын деген құжатқа қол қойдыңыз?! Мұнда адамдар, әсіресе балалар емделуге келеді, ем қабылдайды. Ал қазір керісінше бәрі тоңып отыр. Үш күннің ішінде мәселені шешіңіз, палаталарда нормаға сәйкес, жылы температура болуы тиіс», - деді облыс әкімі.


Білім мекемелерінің арасында №3 және №53 мектептерде де жылумен қамту туралы проблема бар. Мәселен №53 мектепте терезелерінен жел соғып тұр. Спорт залдың жылыту жүйесі аяз кезінде қатып қалған. Бұл мәселені облыс әкімі жіті бақылауына алды. Бүгіннен бастап спорт залға жылу беріліп, ал екі күннен соң терезелер жөнделіп, ғимараттағы температура қалыпқа келуі тиіс. №3 орта білім беру нысанының спорт залында температура +14+15 градустан аспайды. Жақын күндері жылыту жүйесінің айналымын дұрыстайтын сорғы іске қосылады. Сөйтіп бұл мәселе реттеледі.


Облыс әкімі сондай-ақ Батыс-2 шағын ауданындағы №1Г үйінде болды. Дұрыс жылытылмайтын үйдің тұрғындары өңір басшысымен әңгімелесу барысында соңғы 2 күнде жағдайдың жақсарғанын, пәтерлердің жылығынын алға тартты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Алматыда ер адамды ұрып-соғу дерегі видеоға түсіп қалған
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді