Көкшетаулық полицейлер көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақмолалық полициядан көлікпен қашып кетуге тырысқан..
4 маусымға қараған түні Көкшетау полициясына көпқабатты үйлердің бірінің ауласында тыныштықты бұзу дерегі бойынша шақыру келіп түсті. Көрсетілген мекенжайға, осы аумаққа қызмет көрсететін патрульдік полиция батальонының экипажы дереу келді. Полицейлер Toyota автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы музыканы қатты тыңдағанын анықтады. Бұл тұрғындардың наразылығын тудырды. Шетелдік көліктің жолаушысы тіпті төбелесуге тырысты. Сол сәтте жүргізуші орнында отырған жұбайы көліктің салонынан шыққан.
Патрульдік машинаны көріп, басқару құқығынан айырылған құқық бұзушы, рульге отырды және ауладан шығуға тырысқанда, автотұрақта тұрған көлікпен соқтығысып, жол-көлік оқиғасын жасады.
Қысқа қуғыннан және қашып кетуге тырысқаннан кейін, 36 жастағы қылмыскерді патрульдік полицейлер ұстап, кейіннен полиция бөліміне жеткізді.
Сот отырысы барысында 2021 жылы ер адам сот шешімі бойынша 7 жылға басқару құқығынан айырылғандығы анықталды. Сараптама көрсеткендей, бұл жолы да ол мас күйінде көлік жүргізген.
Полицейлер мұндай өрескел жол ережесін бұзу, қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.
Ааталған дерекке қатысты құқық қорғау органдары ҚР ҚК-нің 346-бабы 2-бөлігі (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.
Бұл бап төрт жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.