Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мақтааралда 5 азамат мақта қабылдау орындарына ұрлыққа түскен

Мақтааралда 5 азамат мақта қабылдау орындарына ұрлыққа түскен
Фото: pixabay.com

Мақтааралда 5 азамат мақта қабылдау орындарына ұрлыққа түскен. Жәбірленуші тараптарға 3 миллион теңгеден астам шығын келген, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне бірнеше мақта қабылдау пунктерінен мотор мен кабель сымдары ұрланып, ірі көлемде шығын келгені туралы хабарлама келіп түсті.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеліп, қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері басталды.

Аудандық полиция бөлімінің жедел-іздестіру саласының тәжірибелі қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторларынан жедел топ құрылып, орын алған қылмыстарды ашу бағытында қажетті іс-шара ұйымдастырылды. Нәтижесінде ұрлық қылмысын жасады деген күдікпен Жетісай ауданының төрт тұрғыны, бір шымкенттік анықталып, тергеу бөлімшесіне жеткізілді. Олардың біреуі бұрын сотты болған.

Белгілі болғандай, күдіктінің бірі Жетісай ауданында мақта қабылдау орнында жұмыс жасаған. Күдіктінің бірінен ұрланған заттардың бір бөлігі алынып, заңды иелеріне қайтарылды. Айта кетсек, бұл күдіктілердің ұрлықтың бес дерегіне қатысы бар екені расталды. Олар жалпы 27 мотор мен 200 метрге жуық кабель сымын жымқырып, жәбірленуші тараптарға 3 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасып жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды