Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде бір мектепті 7 жылдан артық басқарған директорлар тексеріледі

Елімізде бір мектепті 7 жылдан артық басқарған директорлар  тексеріледі
Фото: osvita.ua

Оқу-ағарту министрлігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бір мектепті жеті жылдан аса уақыт басқарған директорларды тексермек, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Талдықорғанда білім саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәлелері бойынша өткен жиында мәлім етті. Оның сөзінше, министрлік Антикормен бірлесіп мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарын қаржыландырудағы коррупциялық тәуекелдерге сараптама жүргізіп жатыр.

“Сараптаманың алдын-ала нәтижелері  бойынша конкурс рәсімдерінде, жұмысқа орналасуда, балаларды балабақшаға, мектепке қабылдауда, сондай-ақ ұйым директорларының ұзақ уақыт бір қызметте отыруында сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар екені белгілі болды. Лауазымды бір  қызметті жеті жылдан аса уақыт кезеңінде атқарып келе жатқан басшылардың барлығын тексеру туралы шешім қабылданды", - деді министр.

Бейсембаевтың сөзінше, мектеп директорларын тағайындау рәсімдерінің жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында министрлікте жоғары білікті мұғалімдердің базасы мен мектеп директорларының кадрлық резервін қалыптастыру қолға алынады.

Еске сала кетейік, жуырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кадр тапшылығын желеу етіп, мектепке кез-келген адамды жұмыс алатын басшыларды сынға алған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді