Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тоқаев Қытай мен Орталық Азияның жақындасуы туралы: Біздің ниетіміз шынайы әрі ашық

Тоқаев Қытай мен Орталық Азияның жақындасуы туралы: Біздің ниетіміз шынайы әрі ашық
Фото: Telegram/Aqorda

CCTV телеарнасының Leaders Talk бағдарламасына берген сұқбатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай мен Орталық Азияның бір-біріне жақындасуы және оған алаңдаушылық білдірушілерге қатысты өз пікірін айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қытай мен Орталық Азия бір-біріне жақындап жатқаны туралы кейбір пікірлерге не айтасыз? Геосаяси тұрғыдан алғанда осы жақындасудың қарқынына алаңдаушылық білдірушілер де табылып жатқан жайы бар емес пе" деп сұрады CCTV телеарнасының тілшісі Мемлекет басшысынан.

"Бұл ретте ешқандай күдік-күмәннің болмауы керек, өйткені біздің ниетіміз шынайы әрі ашық. Бұл арадағы нақты факт мынада: Қытай экономикасы бойынша әлемде екінші орында, сондықтан біз Қытайдың рөлін мойындауымыз керек және Сіздердің еліңізбен өте жақсы қарым-қатынас орнатуымыз керек".Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ Президент өз сұқбатында болашақ екіжақты экономикалық қарым-қатынастар жайына да тоқталды.


"Біз экономикалық ынтымақтастық саласында тамаша нәтижелерге қол жеткіздік, бірақ әрі қарай алға жылжуымыз керек. Сондықтан Қытай өркениетінің бесігі болып табылатын Сиань қаласына алда жоспарланған сапарыма зор үмітпен қараймын. Бізге жаңа келісімдер, жаңа мәмілелер қажет деп санаймын, өйткені біз  қандай да бір нәтиже күтіп бір орнымызда тұрмауымыз керек. Біз осы қиын әлемде экономикалық байланыстарымызды ілгерілетуге күш салуымыз қажет. Мен екі елдің жастары арасындағы ынтымақтастық пен достық байланыстарды дамытуды қолдаймын. Жас ұрпақ бір-бірін көбірек білуі керек". Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ту көтеру рәсіміне қатысты
Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды
Ақордада Сингапур Президентін салтанатты қарсы алды
90 мыңға жуық азамат автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеді
Атырауда дәстүрлі садақ атудан "Алтын Орда" халықаралық турнирі өтті