Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тоқаев Си Цзиньпинді құттықтады

Тоқаев Си Цзиньпинді құттықтады
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинді құттықтады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Қытай Халық Республикасының төрағасы лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, жеделхат жолдады.

"Өткен "екі сессия" қорытындысы бойынша қабылданған маңызды шешімдер мен Сіздің парасатты саясатыңыз халқыңызды биік құндылықтарға жетелеп, Қытайдың болашағын жарқын, ал дамуын баянды етуде мызғымас негіз болатынына нық сенімдімін. Қазақстан мен Қытай арасындағы тығыз байланыстардың ауқымы жылдан жылға кеңейіп келе жатқанын аса ризашылықпен атап өтемін. Осы жетістіктеріміз Сіздің қосып отырған сүбелі үлесіңіз бен жеке қолдауыңыздың нәтижесі деп білемін. Былтыр қыркүйекте Қазақстанға жасаған нәтижелі сапарыңыз ықпалдастығымыздың келесі "30 жылдық алтын дәуіріне" жол ашқаны ерекше қуантады", – деп жазылған жеделхатта.

Президент Қытай Төрағасының игі бастамаларына сәттілік, жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас Қытай халқына құт-береке тіледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Сайлауда өмірге келген сәбилер!
Алматыда есірткі сатқандар “тауарды” қайдан және қалай алатынын айтып берді
Алматыда “синтетиканы” даярлап, сатқан азаматтар ұсталды
Энергетика саласының қызметкерлерімен жүздесті
«AMANAT»: Кандидаттар үй-үйді аралады