Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы тұрғыны мас күйде көлік жүргізгені үшін екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Алматы тұрғыны мас күйде көлік жүргізгені үшін екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Фото: polisia.kz

Алматы тұрғыны мас күйде көлік жүргізгені үшін екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәселе, осыдан бірнеше күн бұрын қала полицейлері экологиялық постта ұстаған Алматы облысының тұрғыны, 36 жастағы М.есімді азамат жайында болып тұр.

– Toyota көлігінің жүргізушісінің әрекеті патрульдік полиция қызметкерлеріне күдікті болып көрінді. Медициналық сараптама оның есірткіге мас болғанын анықтады. Жүргізуші көлік құралын жүргізуден шеттетілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық іс тіркелді. М.есімді азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Алматы қалалық ПД анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Белгілі болғандай, жүргізуші бұған дейін екі рет көлікті мас күйінде басқарған кезде ұсталған. Бірінші жайт 2020 жылдың наурыз айында Алматы облысы Райымбек ауданында болған. Сол кезде ол сот шешімімен 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Алайда бір жылдан кейін М.есімді азамат тағы да мас күйде көлік жүргізді. Сол кезде сот оны ҚР ҚК-нің 346-бабы және ҚР ҚК-нің 380-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін екі жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты