Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда ұры жол апатын жасап, бір адам қаза тапты

Алматыда көлік ұрысы адам өліміне әкеп соққан көлік апатын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz


Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бұрын бірнеше рет сотты болған 22 жастағы азамат «Ақсай» ықшамауданындағы үйлердің бірінің ауласынан «Mazda» көлігін ұрлап кеткен. Содан кейін тағы бірнеше қылмыс жасаған.


Дәлірек айтсақ, Алатау ауданындағы тұрғын алабында күдікті түнгі уақытта үш көліктің аккумуляторын ұрлап кеткен. Ал таңғы алтыда адам өліміне әкеп соққан жол апатын жасады.


«Ол Саин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Абай даңғылымен қиылыста «Toyota Corolla» және «Kia Rio» көліктерімен соқтығысқан. Салдарынан «Kia Rio» инерциямен кедергіге соғылды. Бұл көлікті 52 жастағы ер адам басқарған. Өкінішке орай, ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», – деді Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.


Күдіктіні патрульдік полиция қызметкерлері қолға түсірді. Белгілі болғандай, «Mazda» көлігінің иесі машинасының ұрланғанын білмеген.

«Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігіне (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу сонымен қатар, бөтен көлікті заңсыз иелену, бөтеннің мүлкін ұрлау деректері бойынша да жүргізілетін болады. Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді полиция өкілі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты