Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жастар және полиция: республикалық форумда киберқылмысқа қарсы күрес мәселесі талқыланды

Жастар және полиция: республикалық форумда киберқылмысқа қарсы күрес мәселесі талқыланды
Фото: polisia.kz

ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы мен қаланың полиция департаментінің қолдауымен “Жастар және полиция: зорлық-зомбылық экстремизмі және басқа да заманауи қауіптердің алдын алу” тақырыбында республикалық форум өткізді. Үш күнге созылған шараға еліміздің әр аймағынан келген 500-ге жуық мектеп оқушылары мен студент жастар қатысты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Полиция қызметіне қызыға қарап, қоғамның қауіпсіздігі үшін алаңдайтын білімді жастар – форум қатысушыларымен ішкі істер министрі кездесті. Ол жеткіншектермен киберқылмысқа қарсы күрес, құқық бұзушылықтардың алдын алу, ведомствоның оқу орындарына оқуға түсу сынды түрлі тақырыпта сөз қозғады.


– Жарқын болашаққа үміттенген жастар қазіргі заманауи технологияларды қолдана отырып, киберқылмыстар мен интернет арқылы жасалатын құқық бұзушылардың қалай алдын алу керектігі туралы өздерінің ой-пікірлерін білдірді. Бүгінгі таңда ІІМ Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз ету тұжырымдамасын әзірлеп жатыр. Осы форумның өзін соның куәсі деп толық айтуға болады, – деді Марат Ахметжанов.

Кездесу барысында қыздар мен жігіттер алғырлықтарын дәлелдеп, белсенділік танытып, министрге өз сауалдарын жолдады.


Жиын соңында Марат Ахметжанов Алматы академиясы ұйымдастырған “Үздік IT-дарын”, “Үздік із кесуші” байқауларының жеңімпаздарын марапаттады.

– Байқаудың бірінші-екінші туры онлайн өтті. Видео жасап, сұрақтарына жауап беріп, кейін осы Алматы қаласында өткен үшінші турына қатыстық. Алматы академиясына, барлық ұйымдастырушыларға рақмет айтамын, – деді ІІІ орын иеленген Ислам Серіковтың жетекшісі – Қарағанды облысы А.Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Гүлшат Абаева.

Сонымен қатар ІІМ басшысы академияның 1-ші факультетінде білім алушы офицерлермен кездесті. Айта кету керек, бұл факультетте ішкі істер органдарының басшы құрамы даярлаудан өтеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді