Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент жастар ресурстық орталығының басшысы белсенді жастарымен кездесті

Шымкент жастар ресурстық орталығының басшысы белсенді жастарымен кездесті

Жастар ресурстық орталығының басшысы Мағжан Исахов Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің белсенді жастарымен кездесті.

«Global coffee» ғимаратында өткен кездесуде жастармен бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың биылғы Жолдауында жастар саясатын іске асыру мәселелері төңірегінде пікір алмасты. Кездесу барысында жастар көкейіндегі көптеген ұсыныстар мен пікірлерін жеткізді. Атап айтқанда,  белсенді жастарымен саяхат жасау, студенттерімен бірлесе отырып іс-шаралар ұйымдастыру, спорттық жарыстар өткізу,ұлттық спортты дамыту (атқа міну) сынды ұсыныстар айтылды.

Орталық басшысы М. Исахов өз тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар жастар  қоғамның идеалына айналатынын айта отырып, жастарды өз елінің патриоты, идеал тұлғасы болуға шақырды.
- Қазіргі таңда қоғамның қозғаушы күші саналатын жастарға арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Жастар арасындағы негізгі мәселе болып табылатын жұмыспен қамту, отбасы құндылығы секілді бағыттарда жұмыстар іске асырылуда.
Сондықтан, жас буын мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың барын сезінуі керек,
 – деп қорытындылады ол өз сөзін.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты