Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Киносүйер қауымға қиын болды: кинотеатр қызметі бір жылда 12% қымбаттады

Киносүйер қауымға қиын болды: кинотеатр қызметі бір жылда 12% қымбаттады
Фото: pixabay.com

Кинотеатр қызметі бір жылда 12 %-ға қымбаттады, ал үш өңірде баға 20%-дан астам өсті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап. 

2022 жылғы қаңтар–желтоқсанда кино-, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламалар, дыбыс жазбалар және музыкалық шығармаларды шығару саласында 68,1 млрд теңгеге қызмет көрсетілді, бұл өткен жылғыдан ақшалай 44,7% көп (ФКИ — 126,4%).

Өңірлер бойынша ең көп қызмет, ҚР жалпы көлемінің 58,9%-ы Алматыға тиесілі: 40,1 млрд теңге — бір жыл бұрынғыдан құндық мәнде 23%-ға артық. 2021 жылғы қаңтар–желтоқсанда республикалық көрсеткіштің 69,3%-ы осы қалаға тиесілі болған. Елорда екінші орында: 20 млрд теңге, жылдық өсім — 2,1 есе. Одан кейінгі орындарда Шымкент (1,9 млрд теңге), Ақтөбе (1,2 млрд теңге) және Қарағанды (710,1 млн теңге) облыстары.


Саладағы қызметтердің басым бөлігі фильмдер мен телебағдарламалар өндірісіне тиесілі: 35 млрд теңге — бір жыл бұрынғыдан 36,4% артық.

Фильм көрсету қызметінің көлемі 2,9 есе өсіп, 23,4 млрд теңгеге дейін, фильмдер мен телебағдарламалар жасауды аяқтау қызметінің көлемі 46,6% өсіп, 1,1 млрд теңгеге жетті.

Бұл ретте фильмдер мен бағдарламаларды тарату қызметінің көлемі, керісінше, 32,5% төмендеп, 8,3 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ дыбыс жазу қызметі мен музыкалық шығармаларды шығару да азайды: 19,9% төмендеп, 178,4 млн теңге болды.


Биыл наурыз айында кинотеатр қызметтерінің бағасы бір жыл ішінде 12,3% өсті.

Бағаның ең көп өсуі Ақмола облысында байқалды: бір жылда 66,7%. Одан кейін Батыс Қазақстан (27,7%) және Абай (25%) облыстары.

Бағаның ең аз жылдық өсімі Қызылорда (0,2%), Қарағанды (2,8%) және Атырау (3,9%) облыстарында тіркелді. Сонымен қатар, Шымкентте кинотеатр қызметінің құны 2,8% арзандады.


Қазақстанда 2030 жылға қарай еліміздің кинотеатрларында қазақстандық фильмдерді көрсетуді 35%-ға дейін арттыру жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің ақпараттық ресурсы. Сондай-ақ халықаралық фестивальдар мен байқауларда қазақ кинематографиясын насихаттау жоспарлануда.

Өңірлерде кешенді мемлекеттік-жекеменшік кинопрокатты ұйымдастыру үшін проекциялық аппаратура мен жылжымалы киноқондырғыларды кезең-кезеңімен сатып алу мәселесі пысықталатын болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді