Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Амбулаторлық қызметтердің бағасы қай өңірлерде айтарлықтай қымбаттады?

2022 жылдың үшінші тоқсанында денсаулық сақтау қызметтері ақшалай түрде 636 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен бірдей дерлік, деп хабарлайды energyprom.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz


Өңірлер бойынша қызмет көрсетудің ең үлкен көлемі Алматыға тиесілі: 139,7 млрд теңге — бір жыл бұрынғыдан құндық мәнде 14,7% артық. Үздік үштікке сондай-ақ елорда (98 млрд теңге) және Қарағанды облысы (37,3 млрд теңге) кірді. Қызмет көрсетудің ең аз көлемі жаңадан құрылған Ұлытау облысында (3,9 млрд теңге) байқалды. Одан кейінгі орында Солтүстік Қазақстан және Абай облыстары.


2022 жылдың қараша айының соңында амбулаторлық қызметтері жылдық динамика бойынша 17,8% қымбаттады. Бағаның өсуін ең көп Қарағанды облысының тұрғындары сезінді: бір жылда 30,6%. Одан кейінгі орында Маңғыстау (28,1% қымбаттаған) және Ақмола (25,8% қымбаттаған) облыстары. Амбулаторлық-емханалық қызмет құнының ең аз жылдық өсімі Батыс Қазақстан (бір жылда 2,4%), Алматы (8,8%) және Ақтөбе (9,6%) облыстарында тіркелді.


Inbusiness.kz сайты сенатор Еділ Мамытбековке сілтеме жасап, ақша толығымен игеріліп жатқанын, бірақ медициналық қызметтің халыққа жетпей жатқанын хабарлайды. «Мен келесі сұрақтарды қойғым келеді. Бүкіл денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 2018 жылы — 900 млрд теңге, 2019 жылы — 1 трлн, 2020 жылы — 1,5 трлн, 2021 жылы — 2,3 трлн, оған қоса пандемиямен күресуге 860 млрд, 2022 жылы — 2,5 трлн теңге бөлінді. 2022 жылдың қыркүйегінде ақша таусылды. Сұрақ: 2022 жылдың қаңтарында премьер-министр салаға толық қаржылық аудит жүргізуді тапсырды. Денсаулық сақтау министрлігі не істеді, қандай қорытынды шығарды?» — деді сенатор. Оның сұрағына әлі жауап жоқ.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады